Жаңаөзендегі Empire көлік жуу орталығында жұмыс істейтін қыз оқыс оқиға салдарынан аяғынан айырылды. Қалалық аурухана дәрігерлері қыздың аяғын кесуге тура келгенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 22 наурыз күні Kia Rio көлігі жол апатына ұшырап, көлік жуу орталығындағы жұмысшыны қаққан.
Қыз жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілген.