Ірі Google корпорациясы Ресейдегі жаңалықтар қызметіне кіруді шектеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ресей Google News сайтына және қосымшасына кіруде қиындықтарға тап болады», делінген Google мәлімдемесінде.
Компания сайтқа және қосымшаға қол жеткізудегі қиындықтар Google-дің «қандай да бір техникалық проблемаларымен» байланысты емес екенін айтады.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, 23 наурызда Ресейде News интернет-сервисіне кіру мүмкіндігі шектелген. Мұны ресейлік медиа реттеуші - Роскомнадзордың баспасөз қызметі растады.