ҚР Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп «іздестіру» операциясын жүргізді, оның барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 39 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, Ресей Федерациясының Хабаровск аймағында қылмыстық іздестіру қызметкерлері 2015 жылдың тамыз айынан бастап ұрлау мен кісі өлтіруге қатысқаны үшін іздеуде жүрген Теміртаудың 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Сонымен қатар Ташкентте Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды, оған наурыз айынан бері Сарыағаш қаласының кәсіпкерінен 25 млн теңге бопсалағаны үшін іздеу жарияланған.
Тәжікстандағы Соғды облысында 2019 жылдың қазан айында кафеде кісі өлтіргені үшін Шымкент полиция департаменті іздестіріп жатқан Қазақстанның 27 және 30 жастағы азаматтары ұсталды.
Самара облысының Тольятти қаласында 39 жастағы ер адамды Павлодар облысы ПД іздестіру тобы ұстады. Күдікті 2020 жылдың маусым айында «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен қайталанған транзакциялар жасай отырып, 294 млн теңге ұрлаған.
10 күнге созылған арнайы операцияның қорытындысы бойынша республикадан тыс 39 іздеуші анықталып, ұсталды. Атап айтқанда Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Монғолияда және Латвияда – бір-бірден.
Сонымен қатар ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша 152 адам ұсталды.