Наурыздағы ҰБТ кезінде талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
«Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Орташа балл 65 балды құрады, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты. Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. 74,2%-ы қазақ тілінде, 25,6%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті», деп жазды ол.
Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты.
2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.