• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2022

Шығыс Қазақстанда заңсыз айналымдағы 93 қару тәркіленді

201 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымдағы 93 қару тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қару» жедел алдын алу шарасы басталғалы бері заңсыз айналымдағы 93 қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Бұлан бөлек, 12 000-нан астам қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, 304 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84, сақтау ережелерін бұзғаны үшін -149, қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 71 іс тіркелген», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.