Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейтін түзетулер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзгерістер 591-бапқа енгізіледі.
Атап айтқанда, келесі төлемақы мөлшерлемелері көзделеді:
Жаяу жүргіншіден - 0,1 АЕК (306,3 теңге); Мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер - 0,2 АЕК (612,6 теңге); Жеңіл автомобильдер - 0,3 АЕК (918,9 теңге); 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк автомобильдері - 1 АЕК (3063 теңге); 32 орынға дейінгі автобустар - 2 АЕК (6126 теңге); 32 орыннан жоғары автобустар - 3 АЕК (9189 теңге).Көрсетілген мөлшерлемелер ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін белгіленеді.
Құжат 6 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары келушілер санатына бөлінбестен, 0,1 АЕК есебінен айқындалады.