• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2022

Нұрқаділовтің ісі қайта қарала ма? Бас прокуратура пікір білдірді

500 рет
көрсетілді

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде тараған «Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қайта тергелуде» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», делінген ҚР БП баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ белгілі қазақстандық саяси және қоғам қайраткерінің ұлы Қайрат Нұрқаділовтің үндеуі қазіргі уақытта ведомствода қаралып жатқаны белгілі болды.