«Бүгінгі күні Каспий теңізінің күрт таяздануынан су алу каналындағы су деңгейі төмендеді, кей жерлерде тіпті құрлық аралдары пайда болды. Арнадағы теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру және ЖЭО-1 мен «Каспий тұшыту зауыты» ЖШС технологиялық процесінің тоқтауын болдырмау үшін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-1 су тарту арнасының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді. Су түбін тереңдету жұмыстары жер снарядының көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су қандай да бір бөгде қоспаларсыз теңіз суы», деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты жүргізілетін жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейтінін және халықты алаңдатуға себеп жоқ екеніне сендірді.
Экология
•
25 Наурыз, 2022
МАЭК теңізге төгілген суға қатысты түсініктеме берді
185 рет
көрсетілді