• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2022

Алматыдағы Президент резиденциясы тарихи ескерткіштер тізімінен шығарылады

387 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Президент резиденциясы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен алынады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған нысан тағдырына қатысты құжат аталған министрліктің ресми сайтында жарияланды.

«Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде 31-тармақ алынып тасталсын», делінген министрліктің құжатында.

«Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20397 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынатыны хабарланды.