• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2022

Степногордағы жылу қазандығын қалпына келтіріліп жатыр

321 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі Степногордағы жылу электр орталығында болған апатты жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 наурызда Степногорск ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылау пайда болғандықтан КА-3 авариялық жағдайда тоқтатылды. 26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылау табылып, КА-5 авариялық жағдайда тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу тасығыштың температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында 25 наурызда резервтегі №4 су жылыту қазандығы іске қосылды», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазір 3 энергетикалық қазандық агрегат және 1 су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр.

«Станцияның сыртындағы температура 93-95 С, қалаға кіре берістегі температура 71 С. Қазіргі уақытта апаттық сөндірулерді жою бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригадалар ұйымдастырылды. Жақын арада апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады», дейді ведомстводан.