• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2022

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді

271 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейспен Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан тарапынан жіберілген гуманитарлық көмек жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды», делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек, атап айтқанда: антибиотиктер, қабынуға қарсы дәрілер, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Жүкті жеткізетін «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының Ил-76 ұшағы елге қайтар жолда қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген бірнеше ондаған Қазақстан азаматтарын алып кетеді деп жоспарлануда.