Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:44-те Польшаның Катовице қаласынан Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшты, деп хабарлайды Egemen.kz.
СІМ хабарлауынша, 53 жолаушысы бар ұшақ Алматы әуежайына қонады.
Бүгіге дейін 900 қазақстандық Украина аумағынан шығарылды, олардың 743-і Қазақстанға репатриациялық ұшақтармен оралды.
Еске салсақ, бүгін Қазақстаннан Украина азаматтарына арналған гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді. Ұшаққа мінген 53 жолаушы гуманитарлық жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының Ил-76 ұшағымен елге оралады.