• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №781

280 рет
көрсетілді

Ә.Р.Жақсыбековті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 сәуір. №781  

Әділбек Рыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ

1954 жылы туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін Кине­ма­тография жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға бухгалтері-ревизоры, Целиноград облыстық кинофильмдер прокаты жөніндегі мекеме басқару­шы­сының орынбасары, бас инженері болып жұмыс істеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымдарына тағайындалды.  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Респуб­ликасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2011 жылғы сәуірден – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.