Әділбек Рыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ
1954 жылы туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға бухгалтері-ревизоры, Целиноград облыстық кинофильмдер прокаты жөніндегі мекеме басқарушысының орынбасары, бас инженері болып жұмыс істеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымдарына тағайындалды. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2011 жылғы сәуірден – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
•
04 Сәуір, 2014
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №781
280 рет
көрсетілді