• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Наурыз, 2022

«Қазақстан темір жолы» 1,5 мың жүк вагонын сатып алмақшы

292 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Осы бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ биыл «Қазақстан темір жолы» 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр», деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол жүк тасымалдарын одан әрі дамыту үшін отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынды.