• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 31 Наурыз, 2022

Түркістанда пара алған шенеунікке 23 млн теңге айыппұл салынды

226 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Дадаметовты мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған лауазым иесі Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдан жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.