• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2022

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне орай тағы жол жабылды

188 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.