• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Сәуір, 2022

Демократиялық мемлекет құру – басты ұстаным

735 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті ретінде түрлі оқиғаларға толы үш жылды бастан өткерді: Шартарапты жайлаған пандемия, елдегі табиғи және басқа апаттар, мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс және соңғысы – Ресейдің Украинаға басып кіруі салдарынан туындаған қиындық.

Президент Қ.Тоқаев өзінің ұлықтау сөзінде берген уәделеріне сәйкес және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл ішінде мемлекеттік құрылыс­тағы көрнекті жетістіктеріне сүйе­не отырып, өркендеген, демокра­тиялық мемлекетті құру идеясын баса айта отырып, Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін сақтауға және нығайтуға ұмтылды.

Оның негізгі идеясы 2019 жыл­дың наурыз айынан бастап дәйекті түрде жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде айтылған кешенді реформалар жүзеге асырыла бастады.

2022 жылғы «Қасіретті қаң­тар» оқиғасы көрсеткендей, билік элитасының кейбірі өзгеріс­ті жедел жүріп жатыр деп санаса, кейбір азамат бұған көңі­лі толмады. Мемлекет басшы­сы жағдайдың күрделілігін және аса маңызды реформаларға кедергі келтіру әрекетінің барын мойындай отырып, қазіргі ахуалды ашық талдауға және қаңтар оқиғасын нақты бағалауға басымдық беруде.

Сонымен бірге Президент «Реформалар керуені» алға жыл­жуы тиіс екенін, демек сая­си жүйені жаңғырту қажетін жақ­сы түсінеді. Сондықтан халық­қа Жолдауында билік ресурс­тарын қайта бөлу жөнінде егжей-тег­жейлі он тармақтан тұратын ілес­пелі бағдарламасын жарияла­ды. Сонымен қатар саясат­тың, эко­­­номиканың және қоғам­ның бө­лін­бейтіні, рефор­ма­лар­­­ды аза­маттардың қол­дауы өмір­лік ма­ңызды екені­не келі­­сіп, Прези­дент Қазақ­стан қоғамы­­ның өзекті материал­дық қажетті­лік­терін қанағаттан­дыруға да көңіл бөлуде.

Президенттің биылғы Жол­дауының мазмұны қазіргі таңда жүргізіліп жатқан кең ауқымды консультациялардың құндылығын көрсетеді. Осылайша, бұл құжат идеалды басқару үлгілерін ұлт­тық дәстүрлермен үйлестіруге мүм­кіндік беріп, сол арқылы реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.

 

Дуглас ТАУНСЕНД,

Қазақстан Республикасының Уэльстегі Құрметті консулы,

Аустралияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі