«Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызмет жеткізушілерінің бірі – №2 көпбейінді қалалық аурухана. Аурухананың Шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығында МӘМС аясында пациенттерге қымбат оталар күнделікті жүргізіледі. Бұл жолы аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды», деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Ота аорта доғасын қайта жаңартудың екінші кезеңін жүргізу үшін жасалды, түзетудің бірінші кезеңі Бенталь де Боно операциясы шамамен екі ай бұрын жасалды.
«Біз аорта доғасында аорта доғасын протездеу және аорта доғасының барлық бұтақтарын аортаның көтерілген бөлігінің протезіне қосу арқылы қайта жаңарту отасын жасадық. Аорта доғасындағы ота кезінде стандартты жасанды қан айналымынан басқа, миды қорғауды қамтамасыз ету қажет. Өз кезегінде жүрек-қантамыр хирургиясында миды қорғау өз алдына бөлек көп компонентті проблема болып саналады. Бұл жағдай отаның өзін едәуір қиындатады, неврологиялық және басқа да асқынулардың пайда болу қаупін арттырады. Ота қан жоғалтпай, асқынусыз, сәтті өтті. Науқас екінші күні реанимациядан бөлімшеге ауыстырылды», деді жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Смоленский.
Айта кетейік, егер пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, бұл ота 2,5 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта пациент Ю.К. өзін жақсы сезінеді және дәрігерлерге алғыс айтты: «МӘМС жүйесі арқылы осындай жоғары технологиялық қызметтер маған тегін көрсетілді. Ота өте күрделі болды, өте жақсы жүргізілді. Қазір өз қалпыма жылдам келудемін, №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне қамқорлықтары мен кәсіби біліктіліктері үшін алғыс айтқым келеді».
Дәрігерлер тәуекел еткен ерекше ота сәтті өтіп, науқас жағдайының дұрыстала бастағанына қуанышты.