• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2022

Қазақстан павильоны 2-орын алды

549 рет
көрсетілді

Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қорытындыланып, EXPO Awards марапаты тапсырылды.

Аталған көрме ашылған күннен 1 млн 617 мың адам тамашалаған Қазақстанның Ұлттық павильоны әлемнің 192 мемлекеті арасында 2-орынға ие болды. Және айтулы іс-шарадағы басты марапат – «Көрме тақырыбын ашу» аталымында күміс жүлдені жеңіп алды. Айта кетейік, бұл аталымдағы бас бәйгені Германия алса, үшінші жүлде Италияға бұйырды.

Сондай-ақ біздің ел павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation аталымында бірінші орынды иеленсе, Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынға қол жеткізді.

Қысқасы, Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильон қатарынан көрініп, келушілердің қызығушылығын туғызды.