• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2022

Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

285 рет
көрсетілді

Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 25-ке дейін азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар, тасқын суларды өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қарды уақытылы тазалау ерекше бақылауға алынды, сонымен қатар, қардың еруі салдарынан жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында 25 су тасқыны қаупі бар учаскелерді қардан тазалауға ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда қала аумағынан 4,5 млн м3 астам қар шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көп. Бұл ретте «Қазгидромет» РМК деректері бойынша ағымдағы қысқы кезеңде түскен жауын-шашынның нақты көлемі 99 ММ норма кезінде 157,1 мм құрайды.

«Сондай-ақ, нөсер кәрізі желілерін тазалау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. 2022 жылдың басынан бері барлығы 3940 М коллектор жуылды, 2100-ден астам құбыр буланды, 38 мың метрге жуық арық-науа желісі тазартылды, қарау және жауынқабылдағыш құдықтар тазартылды және т. б. Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің бөгеттерін, көпірлері мен арналарын тексеру, гидротехникалық құрылыстардың әзірлігі, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу және т. б. жұмыстар жүргізілуде», деп мәлімдеді Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді.