Алматы қаласының Бостандық ауданында статистика департаменті ғимараты бөлмесінен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға кезінде 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жауды сөндіруге Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы және жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылды. 15 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бізге соңғы келіп түскен ақпаратта өрттің неден болғаны әлі белгісіз екені жазылған. Сондықтан бұған қатысты қорытындыны кейін айтамыз.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Төтенше жағдайлар министрлігі.
Фото: www.Vlast.kz.