Каспий теңізінде тағы да алып балық торға түсті. Бұл туралы «Ақ Жайық» порталы хабарлады.
«Тағы да Атырау облысындағы «Амангелді» өндірістік кооперативінің звено жетекшісі Өмірзақ Әзбергеновке сәттілік кез келді. Ол басқа балықшылармен бірге екінші жыл қатарынан ірі көлемді тортаны – бұл жолы 150 кило келетін балық ұстады», - делінген хабарламада.
«Оған тағы да ынталандыру шарасын жасауға туралы келеді. Бұл жолы Түркияға барып-қайтатын жолдама бермекпіз», - деп қалжыңдайды «Амангелді» өндірістік коопертивінің құрылтайшысы Мұрат Әмірғалиев.
Өмірзақ өткен жолы да осындай ерекше табысқа жеткен. Онда өндірістік кооператив балықшылары салмағы 276 килолық алып балықты ауға түсіріп еді. Сол балықтан 41 кило уылдырық алыныпты. Ал осыншама уылдырықтан 460 мың шабақ өніп шығыпты.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: Ақ Жайық.
Фото: Ақ Жайық.