• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2022

Қарағанды облысында 2 баланы ит қауып кетті

340 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында екі баланы ит қауып кетті. Оқиға салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше, 1 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне Ақтоғай ауылында екі баланы ит қапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері 3 және 5 жас аралығындағы екі баланы өздерінің үйінің ауласында ойнап жүргенде бос жүрген ит қауып алғаны анықталды.

«Балалар ауруханаға жеткізілді, бірақ 3 жастағы бала алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша Ақтоғай аудандық Полиция бөлімі тергеу жүргізуді бастады», делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.