• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2022

Қазақстанға ең көп инвестиция құйған елдердің тізімі жарияланды

2232 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, Қазақстан шетелдік капитал ағындарын төмендеу үдрісін күрт өзгертіп ғана қоймай, елімізге құйылып жатқан инвестицияларының көрсеткіштерін 2017-2019 жылдарының деңгейіне жеткізіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны (ТШИ) $23,7 млрд құрады, көрсеткіш 2020 жылымен салыстырғанда 37,7%-ға өсіп отыр ($17,2 млрд).

Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің үздік бестігінде. Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай 25%-дан 92%-ға дейін өсімімен көш бастап тұр. Аталған елдерден инвестициялар үлесі тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3% құрайды.

Өз кезегінде, үздік ондықтың екінші бөлігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бельгия салынған инвестицияларының 35,1%-ға ұлғайтып, Ұлыбританияны басып озып, 6 орынға иеленді. Оңтүстік Корея 73,2% -ға өсім көрсетіп, 9-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді. Сонымен қатар Түркия инвесторлары республикамызға инвестициялардың өсуін 87%-ға қамтамасыз еттіп 9 орында орналасты. Үздік ондықты Франция инвесторлары тұйықтады.

 Анықтама: 2021 Ж. ҮЗДІК 10 ИНВЕСТОР ЕЛДЕР

Нидерланд - $7,0 млрд АҚШ - $2,8 млрд Швейцария - $2,6 млрд РФ - $1,9 млрд Қытай - $1,8 млрд Бельгия - $1,06 млрд Ұлыбритания - $1,02 млрд Оңтүстік Корея - $805,5 млн Түркия - $679,5 млн Франция - $603,1 млн

Салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында инвестициялардың салымдары 2,8 есеге, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметі саласында 2,6 есеге, ақпарат пен байланыс саласында 80,1%-ға, ал электрмен жабдықтау саласында 68,3%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі де едәуір өсім көрсетті. Өткен жылы инвесторлар бұл салаға 2020 жылымен салыстырғанда $2 млрд-қа көп инвестиция құйды, өсім 65,4% құрады.

Өз кезегінде, инвестиция тартуға жауапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өткен жылы $19 млрд астам тартылады деп болжамдаған.

Инвестициялық жобалар пулын және Қазақстанда қолданылатын «ҚР Елшіліктер - орталық мемлекеттік органдар - аймақтық әкімшіліктер» инвестиция тарту бойынша үш деңгейлі жүйесін сәтті жүзеге асыру нәтижесінде  еліміз  2017-2019 жылғы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемдік стандарттарға сай инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, бизнес үшін мықты және бәсекелі ортаны қалыптастыруына үлкен мән береді. Бұл бағытта «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ инвесторларға жәрдемдесу бойынша шаралар кешенін көрсететін инвестиция тарту бойынша бірінғай оператор болып табылады. Атап айтқанда, ұлттық компания инвесторлардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру, қаржыландыру көздерін және жобаларды іске асыруға бағытталған инвестициялық алаңдарын анықтау, жергілікті іскерлік серіктестермен байланыс орнату және рұқсат беру және өзге де құжаттарды алу кезінде консультациялық қолдау секілді қызметтер көрсетеді.

Бұл фактілер Standard & Poor's беделді халықаралық рейтинг агенттігін растайды. Агенттік Қазақстан Республикасының тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-» деңгейде сақтап, болжам «тұрақты» деп хабарлады.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа Инвестициялық саясатының тұжырымдамасы ESG (Environmental - қоршаған орта, Social - әлеуметтік сала, Governance and Prosperity - корпоративтік басқару және экономикалық өркендеу) стандарттарына сай әзірленуде.