• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Сәуір, 2022

Шетелдік кәсіпкерлер елорданың өркендеуіне үлес қосты

520 рет
көрсетілді

Еліміздің дамуына, оның ішінде елорданың өсіп-өркендеуіне алыс-жақын шетелдегі инвесторлар да өзіндік үлес қосып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соның бірі, бірнеше жылдардан бері Біріккен Араб Әмірлігінде, Гонконгта және ТМД елдерінде сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан Bulldozer Group холдингін атап өтуге болады. Холдингтің мейрамханалар желісі тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, үздік аспаздардың ұсынысымен әзірленген ерекше дәмді ас пен қонақжайлылығымен көпшіліктің көңілінен шығып келеді.  

Осы ретте, Нұр-Сұлтан қаласында, жалпы құны 10 млн. долларға жуық қаражат жұмсалған «Орловских бань» атауымен демалыс орны – монша кешені ашылуда. Оны іске қосуда үлкен тәжірибесі бар шетелдік жоғары білікті мамандар тобы жиналды. Одан әрі осындай халықаралық деңгейдегі монша кешендері ТМД елдерінде де жалғасын табады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, кешен сыйымдылығы 1-ден 10 адамға дейінгі алты жеке орта санатындағы үйлерден және мейрамханадан тұрады деп жоспарланған. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап, төрт монша үйі жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар кешен қысқы маусымда келушілер үшін толығымен жан-жақты сапалы қызмет көрсетеді.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін монша кешені демалыстың жаңа түріне айналады, мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болған емес», дейді холдинг басшысы А.Орлов.