Елордада су тасқыны қаупі бар 25 учаске анықталды. Оған жеке құрамнан 169 адам, 99 бірлік техника, 34 мотопомпа және 2 қайық бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына сілтеме жасап.
Мұндай учаскелер Алматы ауданы бойынша - жеті, Байқоңыр ауданы бойынша - бес, Есіл ауданы бойынша - тоғыз, Сарыарқа ауданы бойынша - төрт.
Б. Бейсенхановтың айтуынша, су тасқынына азаматтық қорғау қызметтері дайын, бұл бағыттағы жұмыс бақылауға алынған. Оның мәліметінше, 7300 дана қап, 10 мың тоннадан астам инертті материал, оның ішінде 9,3 мың тонна ұсақ тас, 155 тонна құм, 500 тонна құм-тұз қоспасы дайындалды.