Қазақстан құрамасы Тайландтағы Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Нұрбек Аралбай жекпе-жексіз (жеребенің арқасында) бірінші жартылай финалист атанды.
5 сәуірде тағы алты қазақстандық жартылай финалға жолдама алды: Аятулла Такижанов (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де — 91 келіге дейін), Санатәлі Толтаев, Аслан Мусинов (екеуі де — 63 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін). Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ширек финалда өз ойынын аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, Thailand Open-2022 турнирі 9 сәуірге дейін жалғасады.