Алматыда жылу маусымы ауа райының күрт ысуына байланысты тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болуына байланысты және ұзақ мерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, қалалық әкімдік 2022 жылғы 5 сәуірде 2021-2022 жылдың жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.