• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2022

Азия кубогі: Қазақстандық дзюдошылар сегіз медаль жеңіп алды

278 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтіп жатыр. Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогінің бірінші күнінде сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және төрт қола медальға қол жеткізді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Алтын - Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг)

Алтын - Дана Абдирова (57 кг)

Күміс - Зере Өтепқали (40 кг)

Күміс - Талғат Орынбасар (60 кг)

Қола - Сабина Юлдашбекова (40 кг)

Қола - Іңкәр Құралбай (44 кг)

Қола - Рамазан Сүйіндіков (55 кг)

Қола - Данил Сұлтанхан (55 кг).