• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2022

Қарағандылықтар Украинаға 4 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді

217 рет
көрсетілді

Еріктілер 4 тоннаға жуық гуманитарлық көмектің үш жүз келісін бір күнде жинап үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Балалар киімі мен дәрі-дәрмек, тұрмысқа ең қажетті заттарды Қазақстандағы түрлі ұлттың өкілдері тапсырған. Қайырымдылыққа кезінде Украинадан Қазақстанға жер аударылған украиндықтардың ұрпақтары белсене атсалысты. 

Гуманитарлық қолдау Штабы еріктілерінің айтуынша, қазақ елі Украинаға әскери операция басталғалы 130 тонна көмек жіберген.

«Гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек, киім-кешек. Қазір ең қажетті заттар – осылар. Бүгінде Украинада көптеген елді мекен тұрғындары ешқайда шыға алмай отыр. Сондықтан 100 теңгенің өзі Украинаға үлкен көмек болады», деді Украинаның қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский.