• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2022

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі

4268 рет
көрсетілді

Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншалықты көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.

«Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индекстеу көзделіп отыр, бұл жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыларды қамтиды», деді Ералы Тоғжанов.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.