ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында жыл басынан бері еңбек дауы бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, оның ішінде 91 кәсіпорынның мәселесі шешілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жыл басынан бері еңбек даулары бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, 91-інде мәселе шешілді. 49 кәсіпорында жұмыс жүргізілуде. 800-ден аса заң бұзушылық жойылып, 10 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалды. Екіншіден, 200 кәсіпорында 2,7 мыңнан аса жұмыскер жалақысы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді. Үшіншіден, 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы 5-тен 50%-ға дейін көтерілді», деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, ол қызмет көрсетуші компаниялар қызметкерлерінің жалақысы негізгі компания қызметкерлерінің орташа жалақысының 70%-на теңестірілгенін қоса айтты.