Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің екінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
8-10 сәуір күндері Болгарияның София қаласында әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Аталған әлемдік бәсекеге Қазақстан құрамасынан екі гимнаст қатысады.
Атап айтсақ, Айбота Ертайқызы мен Эльжана Таниева ел намысын қорғайтын болады.