Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 31 наурыздағы бұйрықпен дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, жалпыға қолжетімді дереккөздерде дербес деректерді тарату мәселелерін реттейтін жаңа тармақтар қосылды.
Осылайша, жеке деректерді жалпыға қол жетімді көздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде рұқсат етіледі.
Деректерді жинауға және өңдеуге келісім мыналарды қамтиды:
Оператордың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі); Субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім қолданылатын мерзім немесе кезең; Оператордың дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның жоқтығы туралы мәліметтер; Дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болуы не болмауы туралы мәліметтер; Дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерде таратылуы туралы мәліметтер; Дербес деректер субъектісімен байланысты жиналатын деректердің тізбесі.Бұйрық 16 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.