ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін шығарудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық жобасын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген бұйрық жобасының мәтінінде.
Құжат 19 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.