Қазақстан футбол құрамасы жаңа маусымдағы Ұлттар лигасының 4 тобында кімдерге қарсы шығатыны белгілі болды. Қазақстандық футболшылар алты матч өткізеді, оның үшеуі өз алаңымызда өтсе, қалған үшеуі сыртта өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әлемдік рейтингте 125-ші орынды иеленген Қазақстан ұлттық құрамасы ұлттар лигасынан дивизионда Әзербайжан (129), Словакия (45) және Беларусь (93) командаларымен ойнайды. Қазақстандық футболшылар Әзербайжан өкілдерімен алғашқы кездесуін 3 маусымда «Астана Аренада» өткізеді», делінген ҚФФ сайтында.
7 маусымда қазақстандықтар Словакиямен және 11 маусымда Беларусьпен кездеседі. Ұлттар Лигасының екінші айналымы 13 маусымда Словакияға қарсы басталады.
Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қазақстан құрамасы елорда төрінде Беларусь жасағын қабылдайды. Қорытынды ойын 25 қыркүйекте Бакуде өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы ойнайды.