• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2022

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары басталды

429 рет
көрсетілді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында басталып кетті. Қазіргі таңда 181,2 мың гектар жерге егін егілді», деді Ербол Қарашөкеев.

Министр негізгі астық егетін өңірлерде жаппай себу мамыр айында басталатынын хабарлады.

«Жұмыстарды жүргізуге дайындық кезінде ауа райы құбылыстары ескеріледі. Осылайша, республикадағы егіншіліктің маңызды міндеттерінің бірі - топырақта ылғал жинау және оны ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып отыр. Өңірлер осындай жұмыс жүргізуде, қар тоқтату 3,1 млн.га жуық алаңда жүргізілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 2,5 есе артық», деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта ылғалды жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Министрдің айтуынша, топырақта ылғалдың жеткілікті жинақталуы ғана жақсы өнім бере алады.