• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2022

Оралда 72 жастағы зейнеткерді пышақтап кеткен

266 рет
көрсетілді

Орал қаласында 72 жастағы зейнеткер әйел пышақ жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция қылмыскерді анықтап, қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Бақыт Ашкаров оқиға 9 наурыз күні Зачаган кентінде болғанын айтты.

Қылмыскер зейнеткер әйелді өлтіріп, кейіннен оның алтыннан жасалған әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен.

Күдіктіні қолға түсіру мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жасақталған жедел тергеу тобы құрылды.

Бақыт Ашқаровтың айтуынша, оқиға 13:00-15:00 аралығында, мерт болған әйелдің тұрғылықты жерінде орын алды. 

«Күдіктіні анықтау мақсатында қылмыс болған ауданда 700-ден астам үй қаралды. 21 күн ішінде 1 мыңдай адам сүзгіден өткізілді. Нақты дәлелдемелер негізінде Орал қаласында тұратын 35 жастағы әйел адам анықталып, қолға түсті. Ол бұрын сотталмаған, ішкі істер органдарында да есепте тұрмаған. Күдіктінің мекен-жайын тінту барысында қанға былынған киім, қылмыс құралы – пышақ, басқа да затты айғақтар табылды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Күдікті қылмыс жасағанын мойындаған жоқ. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды», деп нақтылады Бақыт Ашкаров.