Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.
Әңгіме барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективалары жан-жақты талқыланды.
Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Дәлірек айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.
Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.