Динара Аллабергенқызы Алимова Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.
«ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Динара Аллабергенқызы Алимова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуникациялар бойынша кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.