Шымкент әуе айлағы «миналанғаны» жөнінде хабар түнгі сағат 02:00-де түскен. Жолаушылар мен қызметкерлер толық эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметкерлерімен бірлесіп арнайы тексеріс өткізді.
Тексеріс нәтижелері жарылғыш зат туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын көрсетті.
Қазіргі уақытта Шымкент әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетсек, 31 наурызда құқық қорға органдарына түрлі қалалардағы нысандарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ондаған хабарлама түскен еді. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.