• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Сәуір, 2022

Йемен вице-президенті қызметінен босатылды

209 рет
көрсетілді

Йемен президенті Абдураббу Хади Мансур өзінің орынбасары Әли Мухсин әл-Ахмерді қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Йемендік Saba ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент вице-президентті қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Агенттіктің хабарлауынша, президент мұндай шешімді ел конституциясына сәйкес және Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бастамасымен қабылдаған. 

Әл-Ахмер 2016 жылдың сәуірінен бері елдің вице-президенті қызметін атқарды.