• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2022

Жыл басынан бері қанша жұмыскердің құқығы қорғалды

331 рет
көрсетілді

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 230 кәсіпорнында 4,4 мың жұмыскердің алдында 866,4 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек барын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 752,7 млн теңге төленді», деп жазылған хабарламада.