Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Тойлыбаева босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2021 жылдың желтоқсанынан бастап Жанар Тойлыбаева ҚАЖ мекемесінде ұсталмайтынын хабарлаймыз», деді ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Жанар Тойлыбаева 2019 жылы Денис Тенге жасалған қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Колонияда жүргенде ол бала туып, ана атанды.
Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үш айыпталушы Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Тойлыбаева сотталған еді.