• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2022

Алматы полициясы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге үндеу жолдады

156 рет
көрсетілді

Жедел-тергеу тобы Алматыда осы жылдың қаңтар айының басында болған оқиға фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеу анықтағандай, қылмыстық топ 5-6 қаңтарда Алматы қаласының көшелерінде азаматтарды ұрып-соғып, еркінен тыс «Қазақстан» ғимаратында орналасқан Ball Room мейрамханасының, сондай-ақ Esentai Tower бизнес орталығының автотұрағында ұстаған. Кейін ұсталғандардың бірі алған жарақаттарынан көз жұмды», деп жазды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілі зардап шеккендердің көпшілігінің аты-жөні анықталғанын, тергеу амалдары жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда болған оқиғалардың толық көрінісін анықтау үшін куәлар мен жәбірленушілердің айғақтары қажет. 

Осы қылмыстық әрекеттерден зардап шеккендердің барлығын, сондай-ақ осы оқиғалардың куәгерлерін Алматы қалалық полиция департаменті Алматы қаласы прокуратурасының мына мекенжайдағы ғимаратына келуін сұрайды: Желтоқсан көшесі, 189. Байланыс телефондары: +7 775 888 03 65; +7 775 644 95 96.

Ақпан айының соңында әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) ұқсайтын ер адам бейнеленген видео пайда болды. Қонақ үй фойесінде түсірілген видеода белгісіз ер адамның соққыға жығылғаны көрсетілген. Болжам бойынша, кадрлар қаңтардағы бүлік кезінде түсірілген.