• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2014

Атыраудың «Бейбарыс» командасына айыппұл салынды

356 рет
көрсетілді

Атырау облысының намысын қорғайтын «Бейбарыс» хоккей командасына 850 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы команда директоры Болат Мұхамбетқалиев хабарлады. Қазақстан хоккей федерациясының осындай шешім қабылдауына «Бейбарыс» пен қарағандылық «Арыстан» командалары арасында өткен кездесуде көрермен тарапынан тәртіпсіздікке жол берілгені себеп болған. Ойын төрешісінің шешіміне  наразылығын тиын шашумен білдірген жанкүйердің әдепсіздігіне байланысты «Бейбарыс» командасына айыппұл салынды. -Федерация шешімімен тәртіп бұзушылық салдарынан «Бейбарыс» командасына 850 мың теңге айыппұл салынды. Және соңғы бесінші ойынды басқа алаңда өткізуге шешім қабылданды. Тәртіпсіздік жасаған адамды анықтау үстіндеміз. Бірақ кім екенін, қай жерде тұратыны туралы мағлұмат жоқ. Анықтағаннан кейін құқық қорғау органдарына арызымызды жазамыз, –дейді «Бейбарыс» хоккей командасының директоры Болат Мұхамбетқалиев. Еске сала кетейік,  атыраулық «Бейбарыс» командасы бес жыл бұрын құрылған. Осы кезеңде аталған команда ел чемпионатының екі алтын және екі күміс жүлдесіне ие болды. Ал биылғы чемпионатта  қола жүлдеге қол жеткізуді көздеп отыр. Жолдасбек Шөпеғұл. Атырау облысы. Дереккөз: Атырау облысының «Бейбарыс» хоккей командасы. Фото: www. dmk. kz.