Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған. Бұған дейін Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.Сондай-ақ, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев та қызметінен босатылған еді.