Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында белоруссиялық Александра Сосновичпен дуэтте америкалық Чарлестонда грунттық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басында Анна мен Александра словакиялық Тереза Михаликованы және Чехия өкілі Квета Пешкені 6:3, 6:3 есебімен жеңе алды.
Жартылай финалға барар жолда Қазақстан – Беларусь дуэті Каролин Долихайд (АҚШ) пен Шуай Жангпен (Қытай) кездеседі. Бұл кездесу 9 сәуір күні таңертең өтеді.