• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2022

88 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен ер адам ұсталды

241 рет
көрсетілді

Елордада тәртіп сақшылары 88 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті азаматты ұстады.

«Түнде белгісіз ер адам 88 жастағы қарияның есігін қағып, ашуын сұраған. Қария есікті ашқан сәтте ер адам оны ұрып, тонай бастаған», деп хабарлады полицейлер.

Қарақшы қарияның алтын сақинасын шешіп алған және бөлмені мұқият қарап тағы бір алтын сақина алып шыққан.

Тергеу барысында қаскүнемнің Затаевич көшесінде пәтер жалдағаны анықталды.

«Қарама-қарсы пәтерде жалғыз адам тұратынын біліп, қасақана барған. Елорда полицейлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Бұған дейін оның ұрлық үшін сотталғаны анықталды», деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.